Қазақстан құрамасы жастар әлем чемпионаты аясындағы алғашқы матчында Швециямен кездесті. Бірінші кезең біздің хоккейшілер үшін сәтсіз болды, шведтер бізге жауапсыз бес шайба салды. Екінші кезең бірқалыпты өтті, қарсылас тағы да салды, алайда ойын кезеңінің соңында Артур Гросс Канададағы әлем чемпионатындағы құраманың алғашқы голын салды. Үшінші кезеңде қарсылас тағы екі шайба салып, 8:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасынан матчтың үздік ойыншысы шабуылшы Артур Гросс болды.
Швеция U20 – Қазақстан U20 - 8:1 - (5:0, 1:1, 2:0)
1:0 – 05:53 – Эклунд (Виландер, Волберг)
2:0 – 09:20 – Эдстром (Густафссон, Холлквист)
3:0 – 11:58 – Эрикссон (Гранберг, Хедквист)
4:0 – 13:36 – Нильссон (Хуртиг, Волберг)
5:0 – 19:47 – Волберг (Форсфьял, Эклунд)
6:0 – 32:18 – Волберг (Линдстейн, Сетнберг) ГБ
6:1 – 37:28 – Гросс (Ситников, Оразов)
7:1 - 45:24 - Вуолетт (Форсфьял, Густафссон)
8:1 - 48:44 - Гранберг
Қақпашылар: Гидлоф - Никитин