Жастар әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Чехияға қарсы матчтың басында Қазақстан құрамасының хоккейшілері өткен ойынға қарағанда жақсырақ қозғалды. Алайда бірінші шайба өткізілгеннен кейін голдар қарша борады. Үшінші шайба өткізілгеннен кейін Владимир Никитинді қақпада Джохар Дударкиев алмастырды. Бірінші кезең 1:4 есебімен аяқталды, Қазақстан құрамасынан Кирилл Ляпунов артық құраммен гол салды. Екінші кезеңде қарсылас тағы 8 гол салды. Никитин мұзға қайтадан есеп 1:8 болған кезде шықты. Бір шайбаның есесін үшінші кезеңде Александр Ким қайтарды, алайда соңғы екі минутта қарсылас Қазақстан қақпасына тағы екі шайба аттандырды.
Қазақстан U20 - Чехия U20 – 2:12 -(1:4, 0:8, 1:2)
0:1 – 05:45 – Масталирски (Фибир, Сале)
0:2 – 05:51 – Сикора (Станцл)
0:3 - 11:01- Дворак (Шале, Фельцман)
0:4 - 14:45- Градец (Порт, Фибигр)
1:4 - 18:34 - Ляпунов (Симонов, Бейсембаев) ГБ
1:5 - 22:54 - Йехо (Порт, Чихар)
1:6 - 24:10 - Масталирский
1:7 - 25:09 - Станкл (Сикора, Градец)
1:8 - 27:25 - Масталирский (Петр, Фибигр)
1:9 - 29:17 - Станкл (Градец)
1:10 - 29:32 - Новотны
1:11 - 31:35 - Градец (Сикора)
1:12 - 32:05 - Чихар (Порт, Фибигр)
2:12 - 41:29 - Ким (Русланулы, Оразов)
2:13 - 58:18 - Станкл (Гусинецкий)
2:14 - 58:49 - Градец (Станкл)
Қақпашылар: Никитин (Дударкиев, 11:34 - 27:25) - Каван
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ