logo
9 декабря 2023
ЖӘЧ-2024. Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы

10 және 16 желтоқсанда Будапеште IA дивизиондағы жастар әлем чемпионаты өтеді, онда Қазақстан жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония және Дания командаларымен бірге әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама үшін тартысады. Жиындардың қорытынды кезеңі аяқталды, оның аясында біздің командамыз Венгрия және Франция командаларына қарсы екі бақылау матчын өткізіп, екі кездесуде де жеңіске жетті. Бапкерлер штабы турнирге қатысатын түбегейлі құрамды таныстырды. Оған 23 ойыншы – 20 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кірді.

Әлем чемпионатына қатысатын құрам:
Қақпашылар: Владимир Никитин (Chilliwack Chiefs, BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор», ЖХЛ), Артем Шестаков («Снежные барсы, ЖХЛ)
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Даниал Шакшакбаев («Номад», Астана)
Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Александр Ким, Давлат Нуркенов (екеуі – «Assat», Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі – «Барыс»)
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер: Сергей Старыгин
Бапкерлер: Георгий Верещагин, Ильдус Габдрахманов, Александр Колюжный
Бас менеджер – Александр Корешков
Хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Қазақстан жастар құрамасы 10 желтоқсан күні Венгрия командасына қарсы өткізеді. Біріншіліктің барлық матчтарын тікелей эфирде Insport телеарнасы көрсетеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ