logo
10 декабря 2023
ЖӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы Венгриямен матчта жеңіске жетті
ЖӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы Венгриямен матчта жеңіске жетті
Жастар әлем чемпионатының (ІА) алғашқы матчында Қазақстан құрамасы алаң иелері – Венгрия командасымен кездесті. Матчтың есебін 4-минутта Давлат Нуркенов ашты. Көп ұзамай, Егор Смольянинов үстемдікті екі еселеді. Екінші кезеңнің соңына қарай қарсылас есеп теңестірді, алайда үшінші кезеңде біздің хоккейшілер ойын өрнегін қайтарып, екі шайба салды: Артем Авдеенко мен Всеволод Логвин жарады. Логвин сондай-ақ матчтың нүктесін қойды. 5:2 – турнирдегі алғашқы жеңіс.

Венгрия - Қазақстан - 2:5 (1:2, 1:0, 0:3)  
0:1 – 03:36 - Нуркенов (Оразов, Ким) 
0:2 – 12:14 - Смольянинов (Ермак, Оспанов) ГБ 
1:2 – 13:26 - Михалик (Добош) 
2:2 – 38:16 - Добос (Хорват) 
2:3 -  48:47 - Авдеенко (Нуркенов) 
2:4 – 52:40 - Логвин (Оспанов) 
2:5 – 57:13 - Логвин ГМ
Қақпашылар: Хегедюш - Никитин

Күні ертең 11 желтоқсанда Сергей Старыгиннің ойыншылары Данияға қарсы ойнайды, матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Назарларыңызға матчтан фоторепортаж ұсынамыз:
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ