logo
11 декабря 2023
ЖӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы Данияны жеңді
Жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстан құрамасы Дания құрамасымен кездесті. Қарсылас ойынның 16-шы минутында есеп ашты, екінші кезең шайбасыз өтті. Үшінші кезеңде ғана есеп теңесті, бірақ көп ұзамай даниялықтар қайтадан алға шықты. Екі минуттан кейін Кирилл Ляпунов есепті 2:2 етті. Кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда жеңіс шайбасын Руслан Оспанов салды. Есеп – 3: 2. Бұл әлем чемпионатындағы екінші жеңіс.
Қазақстан - Дания - 3:2 (0:1, 0:0, 3:1)
0:1 - 15:13 - Мелгард (Томсен, Шиолдан)
1:1 - 44:57 - Оразов (Бейсембаев, Нуркенов)
1:2 - 46:13 - Шиолдан (Мелгард, Томсен)
2:2 - 48:40 - Ляпунов (Шакшакбаев) 
3:2 - 56:46 - Оспанов (Ермак) 
Қақпашылар: Никитин - Штейнбергс
Келесі матчты Сергей Старыгиннің ойыншылары 13 желтоқсанда Астана уақытымен 17:30-да өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ