logo
12 декабря 2022
ЖӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді

Бірінші дивизионның А тобындағы хоккейден жастар әлем чемпионатындағы екінші матчында Қазақстан құрамасы Венгриямен кездесті. Қарсылас алдымен екінші кезеңде екі рет артық құрам ұйымдастырды. Алайда үшінші кезеңде біздің хоккейшілер тегеурінге төтеп беріп, гол салды. Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы голын Дінмұхамед Сапарбек салды. Араға екі минут салып, есепті Даниил Цыбин теңестірді. Кездесудің нүктесін матч аяқталуға 10 минут қалғанда капитан Дінмұхамед Қайыржан қойды. Шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Қазақстан – Венгрия – 3:2 (0:0, 0:2, 3:0)

0:1 – 21:27 – Михалик (Добос, Дик) ГБ

0:2 – 39:57 – Михалик (Фетеке, Хадобас) ГБ

1:2 – 42:32 – Сапарбек (Роев)

2:2 – 44:35 – Цыбин (Роев, Сапарбек)

2:3 – 49:32 – Кайыржан (Бреус)

Қақпашылар: Шефер – Хегедус

Келесі матчты Александр Истоминнің ойыншылары желтоқсанның 14-інен 15-іне қараған түні Астана уақытымен 01:00-де өткізеді. Тікелей көрсетілімді Insport телеарнасы арқылы тамашалауға болады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ