logo
15 декабря 2022
ЖӘЧ-2023. Қазақстан-Словения. Матчтың аңдатпасы

15 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:30-да Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты аясындағы өзінің кезекті матчын өткізеді. Александр Истоминнің ойыншылары Словения командасына қарсы ойнайды.

Өткен жылы бұл команда Франция құрамасына ғана жол беріп, «В» тобында екінші орын алды. Осылайша, жоғары санатқа шықты.

Бұған дейін Қазақстан мен Словения жастар деңгейінде бір рет қана – 2003 жылы кездесті. Сол кездесуде жеңіс словениялықтарға бұйырған (2:3).

Қазіргі таңда Словенияда хоккей ерекше дамуда. Любляналық «Олимпия» клубы Австрия мен Италияның бірлескен чемпионатында ойнайды. Сондай-ақ ішкі біріншілік те бар, оның құрамына Сербия және Хорватия командалары кіреді.

Бұған қарамастан, жас словениялық хоккейшілер түрлі еуропалық чемпионаттарға белсене қатысады.

Алдағы әлемдік біріншілікке қарсылас дарынды жігіттерін әкеле жатыр.

Негізгі қақпашы бір жыл бұрынғыдай «олимпиялық» Лука Колин болуы тиіс. Якоб Зупанчич те жақсы ойын прогресін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Зупанчич «Феха19» атынан ойнап, Венгрияның ең мықты лигасында жақсы ойын тәжірибесін жинақтап жүр.

Словениялықтардың қорғаныс көшбасшысы – Ян Чосич. Қарсыласымыздың қорғанысындағы басты проспект деуге болады. Өткен жазда 10 жастағы қорғаушы Финляндияға ауысты, онда «Ваасан Спорт» клубының жастар командасы үшін ойнап жүр.

Жолдастық матчтарда бірінші жұптағы қорғаушы қызметін дәл сол «олимпиялық» 17 жастағы Урбан Подрекар атқарып жүрді.

Аса нәтижелі қорғаушы Макс Перчичті атап өтпеуге болмайды. 18 жастағы қорғаушы екінші маусым қатарынан «Киекко-Эспоо» клубының жастар құрамы үшін ойнап келеді. Бұл хоккейшінің қолында мичигандық университет командасымен келісімшарт бар. Солтүстік Америкада бұл жігіт өз жолын 2024-2025 жылдары бастайды.

Шабуыл шебінде Словения құрамасы бірінші звеноға баса мән береді. Бұл түсінікті де. Себебі онда расында «көңілді» жігіттер жиналған.

Словениялықтар шабуылындағы басты «жұлдыз» – Матич Торок. 19 жастағы форвард екінші маусым бойы финляндиялық «КооКоо» намысын қорғауда, бұл ретте Финляндияның ең мықты лигасында өзінің алғашқы шайбасын салып үлгерді. Басталатын біріншілікте дәл осы Торок Словения құрамасының капитаны болады.

Бірінші звеноға швециялық АИК клубынан Марцель Махковец үйлеседі. 18 жастағы шабуылшы голды жақсы сезеді. Мұны Швеция жастар лигасындағы статистикасы растайды. Марцель 24 ойындағы нәтижелігі үшін 22 балл жинады.

Сондай-ақ оның алдыңғы әлем чемпионатындағы статистикасын атап өтейік. Махковец турнирдің бес ойынында 10 ұпай жинады.

Осы звеноның ортасында австриялық «Клагенсфюрт» клубындағы Лука Гомбоч ойнайды. Ал бұл бүгінгі таңда Австрияның ең беделді клубы.

19-ға толған Лука Солтүстік Америкада тәжірибе жинақтап үлгерді. Ол онда QMJHL лигасында 2021-2022 жылғы маусымды өткізді.

Гомбоч сондай-ақ бір жыл бұрын да Словения құрамасының құрамында болды. Бес кездесуде екі шайба салып, жеті рет нәтижелі пас берді.

Жалпы қазіргі словениялық «жастар» әртүрлі елдерде және чемпионаттарда бой көрсетіп жүрген жігіттер. Көбісі швециялық, финляндиялық және австриялық чемпионаттарда ойнайды.

Әлем чемпионаты қарсаңында словениялықтар үш бақылау матчын өткізді.

Словения құрамасы Венгрия (8:2), Франция (5:2) және Италия (3:2) құрамаларын кезек-кезек жеңді.

Бүгінгі таңда қоржынында 3 ұпайы мен Данияға қарсы ойындағы 1 ірі жеңісі (7:1) бар Словения турнир кестесінде 4-ші қатарды иеленіп отыр. Біздің жігіттер алты ұпаймен бір қатар жоғары орналасқан. Матч қызықты сәттерге толы болғалы тұр.

Мұндай команданы жете бағаламауға болмайтыны анық. Көптеген мамандар бұл ұжымды басталған турнирдің жаңалығы атанады деп болжап отыр.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ