«Сарыарқа» - «Торпедо» матчында тәжірибе алмасу аясында ресейлік төрешілер қызмет етеді

Маусым басталар алдында Қазақстан, Ресей және Беларусь хоккей федерациялары үш елдің төрешілер құрамының тәжірибе алмасуы жөнінде келісімге қол қойды. Осы келісім аясында бүгінгі 1XBET PRO Hokkei Ligasy аясындағы «Сарыарқа» – «Торпедо» кездесуін Бүкілресейлік хоккей лигасының төрешілері — бас төреші Алексей Никоноров пен сызықтық төреші Владимир Пырхов жүргізеді.
Қазақстандық төрешілер ынтымақтастық аясында БХЛ және Беларусь Экстралигасы матчтарында қызмет атқарды. Мәселен, Владислав Зотов пен Тимур Искаков 26 және 28 қыркүйекте өткен БХЛ ойындары — «Омские крылья» – «Металлург НК» және «Омские крылья» – «Динамо-Алтай» кездесулерін басқарды. Сондай-ақ 7 және 8 қазан күндері Беларусьте өткен «Юность» – «Славутич» және «Лида» – «Локомотив» матчтарын қазақстандық төрешілер Михаил Ступак пен Тимур Искаков өткізді.
Маусым барысында төрешілердің тағы бірнеше іссапары жоспарланған.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ