logo
Канада – Қазақстан матчының басталуы бір сағатқа кейінге қалдырылды
Хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алдағы Канада мен Қазақстан арасындағы матч бір сағатқа кейінге қалдырылды. Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да басталады. Тікелей көрсетілім QAZSPORT телеарнасынан ұсынылады.
Хельсинкидегі аренада төтенше жағдай болып, Германия мен Дания арасындағы кездесу де кешігіп басталды. ТЖ кезінде Қазақстан командасы қонақүйде болды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ