Мария Федоренко: «Қарсыластардың деңгейі шамалас»

18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы IIA дивизионындағы әлем чемпионатында қатарынан үш матчта жеңіске жетті. Алайда шешуші күрес әлі алда. Бүгін қыздар Нидерланд құрамасына қарсы ойнайды, ал жексенбі күні элитаға жолдама үшін негізгі қарсылас — Корея құрамасымен шешуші матч өткізеді. 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасының бас бапкері Мария Федоренко Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.
- Мария Михайловна, ойын бойынша пікір білдірсеңіз, алдыңғы қарсыластармен салыстырғанда Түркияға қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?
- Көбірек эмоциялық тұрғыда қиын болды деп ойлаймын, себебі қыздардың көбісі шетелге алғаш рет шықты. Сонымен қатар Түркия жанкүйерлері өте көп келіп, өз командаларын қатты қолдады. Сол себепті аздап абдырап қалдық.
- Неліктен ойынның ортасына дейін гол салу мүмкін болмады?
- Бәлкім, трибуналардан сәл сескенген шығармыз, ал физикалық тұрғыда біз бұл қарсыласқа дайын болдық.
- Тағы да бір тәуліктен аз уақыт демаласыздар, бұл қалай әсер етеді? Осы ойынға қалай дайындалу керек?
- Барлық командалардың кестесі бірдей, сондықтан ұйқы арқылы және жағымды эмоциялар есебінен қалпына келеміз.
- Алда Нидерланд құрамасына қарсы ойын бар, бұл қарсылас туралы не айтасыз?
- Бізде гол соғу көрсеткіші жаман емес, ал қарсыластардың барлығы плюс-минус бірдей деңгейде. Нидерланд құрамасында әрдайым ірі габаритті ойыншылар болған. Қалай болғанда да, біз жеңіс үшін ойнаймыз. Басқа жол жоқ.
- Командада дебютанттар көп, олар өздерін қалай көрсетіп жүр?
- Өздерін жаман көрсетіп жүрген жоқ. Қазір негізгі құрамда алғаш рет келген 6-7 ойыншы бар. Олар нәтижелер көрсетіп, гол соғып жүр. Олар – Анфиса Новикова мен Злата Попова. Алдағы ойындарда да осы қыздар өздерін жақсы қырынан көрсетеді деп үміттенеміз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ