logo
19 декабря 2021
Максим Павленко Қазақстан құрамасы құрамынан үздік ойыншы атанды

Жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші дивизионның А тобында әр командадан үздік ойыншылар таңдалды.

Қазақстан құрамасы құрамынан голкипер Максим Павленко үздік атанды. Ол турнир қақпашылары кестесінен төртінші орынды иеленді. Голкипер 4 матч өткізіп, 95 соққыға тойтарыс берді. Тойтарылған соққылар пайызы – 90,48-ді, сенімділік коэффициенті 2,76-ны құрады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ