logo
30 мая 2022
Максим Мусоров «Спартакпен» келісімшартқа қол қойды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мусоров «Спартак» хоккей клубымен (Мәскеу) бір жылдық мерзімге екіжақты келісімшарт жасасты – деп хабарлайды мәскеулік клубтың баспасөз қызметі. Өткен маусымда 21 жастағы хоккейші ҚХЛ-да «Барыс» үшін 11 матч (0+1) ойнады, Қазақстан чемпионатында «Номад» сапында 14 ойыннан 10 (6+4) ұпай, сондай-ақ АҚШ хоккей лигасының (USHL) 28 матчында 13 (4+9) ұпай жинады.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында өскемендік шәкірт бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының А тобында 10 матч өткізіп, 10 (6+4) ұпай жинады. Жастар құрамасында элиталық дивизионда екі әлем біріншілігінде өнер көрсетті, 2020 жылғы ЖӘЧ-де Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені атанды, онда 7 ойында 6 (4+2) ұпай жинады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ