logo
16 декабря 2023
Максим Мусоров: «Олар осал не мықты емес»
«Звезды и ВХЛ» командасымен матчта есепті Максим Мусоров ойынның бірінші минутында-ақ ашты. Бұл форвардтың Бірінші арна кубогінің негізгі турниріндегі құрама үшін салған екінші шайбасы. Ол сонымен қатар Беларуське қарсы бірінші ойында да көзге түскен. Ал 3×3 турнирінде Мусоров үшінші орын үшін матчта гол салды.

Жеңісті ойыннан кейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Sports.kz республикалық интернет-порталының сұрақтарына жауап берді.
- Максим, жылдам гол салдың. Қалай болды?
- Жылдам артық құрам ұйымдастырдық, жақсы сәт туды, бірінші ойыншының жолын кестік, Валера пас берді, мен сала қойдым. Асқан ештеңесі жоқ.
- Қарсылас есеп теңестіргенде бапкер не деді?
- Ештеңе, қорқынышты ештеңе жоқ, бұл ойын, біз матч бойы, 60 минут ойнаймыз. Қажет болса, буллитті де, овертаймды да ойнаймыз. Қарсыласқа қарамай, өз ойынымызды ойнаймыз.
- 3:1 есебімен алда келе жатып, үшінші кезеңде қалай ойнау маңызды болды?
- Тоқтамау, қарсыласқа емес, өз әрекетімізге баса мән беру, қорғаныспен шектелмеу маңызды болды. Себебі тек қорғансақ, қарсыласқа көбірек мүмкіндік берер едік. Көбірек қорғанған сайын көбірек қате жібересің. Ал шабуылдауға тырыссаң, олар қаталеседі.
- Командаластарың қалай? «Номадтық» жігіттермен ойнайсың ба?
- Жақсы, біз жігіттермен «Номадта» ойнадық, маған ұнайды. Коля Шульгамен бұрыннан ойнаймыз, маусымды «Номадта» бірге бастадық, фарм-клубта жақсы үштік қалыптасып жүр. Артур Гатиятовпен де ойнаймыз, барлығы ұнайды. Бастысы, өзара түсіністік бар, тек көбірек салу, шабуылда көбірек сәттер туғызу қалды.
- «Звезды и ВХЛ» командасы ЖХЛ ойыншылары мен бірнеше ҚХЛ ойыншыларынан құралған. Олардың деңгейіне қандай баға бересің?
- Жақсы команда, тек қайсысы «Звезды», қайсысы ЖХЛ-дан екенін түсінбедім. Олар осал не мықты емес, тек біз жақсы ойнадық.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ