Қазақстан құрамасы 12 және 28 мамыр аралығында Латвия мен Финляндияда өтетін хоккейден әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. Құраманың кеңейтілген құрамына екі ойыншы қосылды. Бұл – маусымда NCAA америкалық студенттік лигада Вермонт Университеті үшін ойнаған Андрей Буяльский. 34 ойында ол 18 (5+13) нәтижелі балл жинады. Сондай-ақ подмосковиелік «Химик» құрамында Петров кубогін жеңіп алған Максим Мусоров. ЖХЛ-дың өткен маусымында форвард 44 матч өткізіп, 10 (6+4) балл жинады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының В тобында өнер көрсетіп, Латвия, Словакия, Чехия, Канада, Швейцария, Словения және Норвегия командаларымен ойнайды. 5 және 7 мамыр аралығында Астанада ұлттық команда үйдегі турнирі аясында Ресей және Беларусь командаларымен ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ