logo
26 мая 2023
Максим Мухаметов «Металлургпен» келісімшарт жасасты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мухаметов магнитогорскілік «Металлургпен» келісімшарт жасасты. Келісім бір жылға есептелген, жаңа клубта форвард 23-ші нөмірмен ойнайды. Қазақстан чемпионаты Pro Ligasy-ның өткен маусымында Максим «Номад» құрамында ел чемпионы атанды. Ол тұрақты чемпионатта 37 ойын өткізіп, +18 пайдалылық көрсеткішімен 39 (19+20) ұпай жинады. Плей-оффта форвард 17 матчқа қатысып, +10 пайдалылық көрсеткішімен 20 (8+12) балл жинады. Осылайша плей-оффтың үздік сұрмергені және екінші бомбардирі атанды.

Форвард Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамалары үшін ойнады, ал биыл 2021 жылғы әлем чемпионатында ұлттық команда атынан дебют жасады. Біздің хоккейшілер Ригада өнер көрсетіп, В тобында алтыншы орынды, топтық кезеңнің жиынтық кестесінде 11-орынды иеленді. Максим Мухаметов команданың үздік сұрмергені атанып, турнирдің 7 матчында 3 гол (3+0) салып, құрама нәтижелеріне елеулі үлес қосты. Мұнан басқа, Қазақстанның Студенттер құрамасы құрамында Максим Мухаметов АҚШ-та өткен 2023 жылғы Универсиаданың үздік бомбардирі атанды: өткен біріншіліктің 7 кездесуінде 15 (6+9) ұпай жинады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ