logo
8 ноября 2025
Максим Худяков: «Болашаққа үмітпен қараймыз»
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьте өткен Президенттік спорт клубы Кубогіндегі өз өнерін аяқтады. Соңғы ойында біздің жасөспірімдер Беларусь U17 командасына есе жіберді, ал бір күн бұрын Ресей U16 құрамасына қарсы ауыр кешкі матч өткізген еді. Біздің құраманың бас бапкері Максим Худяков турнирдің қорытындысын шығарды. - Матч таңғы 11-де болды, кеше ойынды кеш аяқтадық, нәтижеге шаршаңқылық әсер етті ме? - Жігіттерге кешегі ауыр кешкі ойыннан кейін бүгін таңертең ойнау шынымен қиын болды, күш жинап, соңына дейін күресу оңай емес. Жігіттердің бұл турнирдің маңызын түсініп, елімізді халықаралық аренаде танытып жүргенін сезінгеніне өте қуаныштымыз. Ойынның мазмұны алдыңғы екі матчқа қарағанда жақсы болды. Шаршаудан болған жеке қателерді есепке алмағанда, жақсы әсер алдық. - Беларусь U17 тықсырды ма әлде соңына қарай шаршадыңыздар ма? - Анық айту қиын, бір сәтте қарсылас бастаманы өз қолына алды, ал кім шайбаны бақыласа, басымдық сонда. Шайба өзіңде болса, күш те азырақ жұмсалады. Тиісінше Беларусь құрамасы позициялық шабуылда көбірек ойнай бастады, ал бізде ауысымдар дұрыс орындалмай, бірнеше рет ауысымдардың қабаттасуы болды, сол жерден қателер кетті. - Қандай ой түйіп барасыз? - Ойыншылар туралы көп ақпарат алдық, қай бағытта жұмыс істеу керектігі жөнінде түсінік пайда болды және болашаққа үмітпен қараймыз. ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ