Максим Худяков: «Немен жұмыстану керектігін анықтадық»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. U18 командасының бас бапкері дайындықтың алғашқы кезеңінің қорытындысымен журналистермен бөлісті.
– Максим Сергеевич, оқу-жаттығу жиыны басталғанына бір апта болды, қазір қандай бағытта жұмыс істеп жатырсыздар?
– Басты міндет – жігіттерді көру, олардың физикалық жағдайын бағалау, өзара байланысын тексеру және, бәлкім, субъективті пікірімізге сүйене отырып, үздік ойыншыларды іріктеу болды. Біз бұл жұмысты атқардық. Қазір бізде бес бестік бар, олардың әрқайсысының құрамда өз орны бар. Ертең «Снежные Барсы» командасымен бақылау ойыны өтеді, соның қорытындысы бойынша Польшадағы қорытынды жиынға кім баратыны анықталады.
– Швейцариямен әлі ойнамадыңыздар, топ-дивизиондағы мықты қарсылас. Талдау жасадыңыздар ма?
– Иә, қарсыластар туралы мәліметтерді біртіндеп жинап жатырмыз, олардың ойынын, комбинацияларын, стандарттарын зерттеп, дайындалып жатырмыз.
– Сіз маусым басынан бері барлық ойыншылармен байланыстасыз. Минскіде турнир өтті, Астанада турнир болды, қазір Солтүстік Америкадан көп ойыншы келді. Құрам қалай жасақталды?
– Екі турнирдің қорытындысы бойынша ойыншылар туралы белгілі бір түсінік қалыптасты. Біз олардың мықты және әлсіз жақтарын, өзара қарым-қатынасын көрдік, құрамға ену үшін нені жетілдіру керек екенін анықтадық. Сондай-ақ Солтүстік Америкадан келген ойыншыларды да қарап шықтық. Барлығын мықты қарсыласқа қарсы ойын көрсетеді.
– Солтүстік Америкадан келген ойыншыларды қалай бағалайсыз?
– Мен ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Біз үшін ойыншының қайдан келгені маңызды емес – Америкадан, Ресейден немесе ішкі чемпионаттан. Біз бәрін ұжым ішінде шешеміз, ашық сөйлесеміз. Жігіттер өз қателіктерін түзетуге тырысады. Кейде, керісінше, олардың мықты жақтарын атап өтіп, оны көбірек қолдануға тырысамыз.
– Мықтылардың барлығын жинадыңыздар ма?
– Өкінішке қарай, Бексұлтан Макышты шақыра алмадық. Себебі ол мықты чемпионатта ойнайды, оны жібермеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ