18 апреля 2025
Леонид Тамбиев Қазақстан құрамасының бапкерлер штабына енді

Даниядағы әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасының бапкерлер штабына владивостоктық «Адмиралдың» бас бапкері Леонид Тамбиев кірді. Леонид Григорьевич қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс, бірнеше маусым бойы ол қарағандылық «Сарыарқаны» басқарып, Қазақстан чемпионы, сонымен қатар екі мәрте ЖХЛ чемпионы атанған болатын. Әр жылдарда Латвияның жасөспірімдер және жастар құрамаларының бапкері болды. 2021 жылдан бастап ҚХЛ-дағы «Адмиралдың» бас бапкері. Айтқандай, онда Қазақстан құрамасының ойыншылары Аркадий Шестаков пен Леонид Метальников өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы ұсынылды:
Бас бапкер – Олег Болякин
Бапкерлер – Леонид Тамбиев, Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов
Қақпашылар бапкері – Павел Бессонов
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ