logo
21 августа 2025
Леонид Метальников ойыншы ретіндегі мансабын аяқтады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Леонид Метальников хоккейші ретіндегі мансабын 35 жасқа келіп аяқтады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін ол алғаш рет 2007 жылы ойнады, бұл деңгейде 9 матч өткізді. 2009 және 2010 жылдары әлем жастар чемпионаттарында өнер көрсетті, олардың бірін топ дивизионда өткізіп, 11 матчқа қатысты.

Ересектер деңгейінде әр жылдары Өскеменнің тәрбиеленушісі туған клубы үшін ойнады, сонымен қатар Қазақстан чемпионаты мен ЖХЛ-да «Горняк», «Ертіс», «Номад», «Сарыарқа», «Южный Урал» үшін ойнады.

2015-2016 маусымында алғаш рет ҚХЛ-да «Барыс» үшін ойнады. Лигада толыққанды маусымды 2019-2020 жылдары өткізіп, 59 матчқа қатысты. 2021 жылы «Адмиралға» өтіп, қатарынан 4 маусым өткізді. Құрлықтық хоккей лигасындағы мансабында 305 матч ойнады.

Ұлттық команда үшін 2015 жылы – бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында дебют жасады. Қазақстан құрамасы үшін барлығы 41 ресми матч ойнап, олардың 35-ін әлем чемпионаттарында өткізді және 10 (3+7) ұпай жинады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ