logo
17 июня 2024
Кудрявцев «Арланда» қалды, Мусоров пен Шульга британдық клубқа өтті

Қазақстан құрамасының қақпашысы Сергей Кудрявцев «Арланда» қалды, келісімшарт 2024-25 жылғы маусымға ұзартылды. Еске сала кетейік, Сергей өткен Қазақстан чемпионаты плей-оффының үздік қақпашысы атанды.

Қазақстан құрамасының екі ойыншысы мансабын Ұлыбританияда жалғастырады. Өткен демалыс күндері Британиялық элиталы хоккей лигасында өнер көрсететін шотландиялық «Файф Флаерс» клубы Николай Шульга және Максим Мусоровпен келісімшартқа қол қойғанын жария етті. 21 жастағы Шульга өткен әлем чемпионатында ересектер құрамасы деңгейінде алғаш рет ойнап, 2 матч өткізді. Мусоров үшін бұл турнир мансабындағы екіншісі, Остравада ол екі кездесу өткізіп, нәтижелі балл алмады.

«Файф Флаерсқа» өткен тағы бір қазақстандық «Номад» ойыншысы – Артур Гатиятов. Форвард Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін 5 матч және жастар құрамасы құрамында 11 кездесу өткізді. Бұл ретте Канададағы 2019 жылғы ЖӘЧ-де 8 (5+3) ұпай жинап, үздік бомбардир атанды. Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы шешуші матчта Данияны жеңіп, топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Үш хоккейші де 2024 жылдың қаңтарында елордалық «Номад» құрамында Құрлықтық кубок иегері атанды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ