Калининград облысында кеше 2010 ж.т. жасөспірімдер арасында «Третьяк кубогі» жарыстары аяқталды. Қазақстан құрамасының намысын жас санаты бойынша ел чемпионы – «Барыс» БЖСМ қорғады. «Б» тобында 5 балмен біздің жасөспірімдер төртінші орын иемденді: новокузнецктік «Металлург/1» пен овертаймда краснодарлық «Буйволдарды» жеңді. «Барыстар» ЦСКА-дан, «СКА-Стрельннен» және череповецтік «Металлургтен» жеңілді. 7-орын үшін матчта біздің хоккейшілер хабаровскілік «Амур-1» командасынан басым түсті.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ