logo
9 ноября 2023
ПСК кубогі. Жасөспірімдер Ресей U16 командасын жеңді

Минскіде өткен Президенттік спорт клубы кубогінің екінші матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресей U16 командасымен кездесті. 13-ші секундта біздің хоккейшілер жылдам гол соғып үлгерді, матчта Абзал Әлібек есеп ашты. Көп ұзамай қарсылас артық құраммен есеп теңестірді. Екінші кезең шайбасыз өтті. Қазақстандықтар үшінші кезеңде тағы да алға шықты, Семен Черкасов ерекшеленді. Алайда тағы да аластату болып, қарсылас есеп теңестірді. Матч овертаймға өтті. Бес минуттың соңғы минутында Аристарх Киреев матчқа нүкте қойып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Ресей U16 – Қазақстан U18 – 2:3 ОТ (1:1, 0:0, 1:1, 0:1)
0:1 – 00:13 – Әлібек (Глухих)
1:1 – 07:11 – Сельдемиров (Громаков, Маслоченко) ГБ
1:2 – 42:35 - Черкасов (Киреев, Божко)
2:2 – 48:43 - Пустовой (Сельдемиров, Пугачев) ГБ
2:3 – 64:42 - Киреев (Черкасов, Зияш)
Қақпашылар: Боричев – Лыткин

Ертең турнир аясында 3х3 турнирі өтеді, Астана уақытымен 15:00-де басталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ