Президенттік клуб кубогіндегі алғашқы матчын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь командасына қарсы ойнады. Бірінші кезеңде қарсылас екі шайба салды, алайда Артур Глухих бірінші кезең аяқталарда гол салып, есеп алшақтығын қысқартты. Екінші кезең голсыз өтті, алайда үшінші кезеңде біздің ойыншылар алты рет аластатылды, ал алаң иелері қазақстандық команда қақпасына екі шайба дарытты.
Қазақстан құрамасынан Артур Глухих үздік ойыншы атанды.
Келесі матчты Георгий Верещагиннің ойыншылары ертең Ресей U-16 командасына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 15:00-де басталады. Тікелей көрсетілімді Insport телеарнасынан тамашалауға болады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ