ҚР Президентінің кубогіндегі үшінші матчын Қазақстан құрамасы хабаровскілік «Амурға» қарсы өткізді. Бірінші кезеңде алаң иелері бір минут ішінде екі шайба салды, алдымен Михаил Рахманов, одан кейін Андрей Буяльский көзге түсті. Араға екі минут салып, Кирилл Панюков Роман Старченконың соққысын қарсыластың қақпасына бағыттады – 3:0. Матчтың екінші кезеңінде қарсылас бір шайбаның есесін қайтарды. Нәтиже – 3:1, Қазақстан құрамасының ҚР Президентінің кубогіндегі екінші жеңісі.
Турнир финалистері «Барыс» - «Лада» матчының қорытындысы бойынша анықталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ