logo
16 декабря 2022
Бірінші арна кубогі. Қазақстан құрамасының 3х3 турниріне қатысатын құрамы

Бүгін Қазақстан құрамасы алғаш рет жаңа форматтағы турнирге – 3х3 хоккейіне қатысады. Біздің хоккейшілер Ресеймен кездеседі, матч 7 минуттық «таза» уақыттан 3 кезең, 2 минуттық үзіліс форматында өтеді. Ереже бұзу үшін айып соққысы тағайындалады. Негізгі уақыт бойынша командалар тең түскен жағдайда жеңімпаз әр командаға бес минуттық матчтан кейінгі буллиттер сериясында анықталады. Ойынға қатысатын құрам 12 алаң ойыншысы мен 2 қақпашыдан тұрады.

Қақпашылар: Бояркин (Каратаев)

Панюков – Шайхмедденов – Орехов

Шевченко – Борисевич – Полохов

Рахманов (А) – Муратов – Данияр См. (К)

Мухаметов – Лихотников (А) – Нургалиев

Бапкерлер: Федор Полищук, Александр Шимин

Турнирдің алғашқы матчында Беларусь пен Қытай кездеседі, қазақстандық ұжым Ресеймен кездесуді 22:20-де бастайды. Одан кейін екі матчтың жеңімпаздары өзара, жеңілгендер өзара ойнайды. Барлық ойындарды Insport телеарнасы көрсетеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ