logo
17 декабря 2022
Бірінші арна кубогі. Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді

Қазақстан мен Ресей арасындағы Бірінші арна кубогінің матчында есепті біздің хоккейшілер ашты. Матчтың алғашқы минуттарында қарсыластың ойыншысы аластатылып, Кирилл Савицкий артық құрам ұйымдастырды. Алайда көп ұзамай, ресейлік хоккейшілер үстемдік орнатып, Константин Окулов гол салды, ойынның он бесінші минутында Максим Джиошвили өз командасын алға шығарды. Екінші кезеңде Ресей хоккейшілері үш гол салды, үшінші кезеңде Роман Старченко есеп айырмашылығын азайтты, алайда қарсылас тағы да есеп айырмашылығын ұзайтты. Қазақстан құрамасынан матчтың үздік ойыншысы болып Никита Михайлис танылды.

Ресей – Қазақстан – 6:2 - (2:1, 3:0, 1:1)

0:1 - 02:10 –- Савицкий (Михайлис, Петухов) ГБ

1:1 - 11:33 - Окулов (Нестеров) ГБ

2:1 - 14:45 - Джиошвили (Сафонов, Никишин)

3:1 - 27:44 - Кадейкин (Елесин)

4:1 - 32:34 – Воронков (Нестеров, Сафонов)

5:1 - 36:41 – Семенов (Карнаухов)

5:2 - 42:16 – Старченко (Михайлис, Полохов)

6:2 – 51:48 – Воронков (Джиошвили)

Қақпашылар: Бояркин – Дорожко

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ