logo
16 декабря 2022
Бірінші арна кубогі. Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңілді

Бірінші арна кубогінің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Беларусь командасымен кездесті. Бірінші кезеңде командалар гол алмасты, есепті қарсылас ашты, көп ұзамай Роман Старченко артық құраммен есеп теңестірді. Ойын кезеңінің соңында Беларусь қақпасына тағы бір шайба аттанды. Ойынның шартты иелері тағы да алға шығып, есепті тіпті 3:1 етті. Үшінші кезеңде біздің хоккейшілердің артық құраммен гол салуға бірнеше мүмкіндігі болды. Алайда оларды пайдаланудың реті келмеді. Ойын соңында қарсыласты бос қақпаға гол соқты.

Беларусь – Қазақстан – 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)

1:0 – 03:29 – Алистров (Сапего) ГБ

1:1 – 14:20 – Старченко (Борисевич) ГБ

2:1 – 20:47 – Горбунов (Чезганов, Принс)

3:1 – 33:28 – Алистров

4:1 – 58:38 – Алистров (Горбунов) ПВ

Қақпашылар: Колосов – Бояркин

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ