logo
15 ноября 2022
Кубок Будущего. Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңілді

Лига Ставок Кубок Будущего турнирінің ең нәтижелі матчы – Қазақстан мен Белоруссия жастар құрамалары арасындағы кездесу. Барлығы 10 шайба салынды. Есепті біздің хоккейшілер ашты – Даниил Цыбин көзге түсті, алайда көп ұзамай, белорустар есепті теңестірді, ізінше 3:1 есеппен алға шықты. Екінші кезеңде Қазақстан құрамасының ойыншылары ойынды өз уыстарына түсіріп, тағы бір шайба өткізгеннен кейін Даниил Цыбин дубль жасады. Үшінші кезеңде әрбір команда екі голдан салды. Александр Истоминнің ойыншылары арасынан Белоруссия қақпасын Семен Роев пен Кирилл Ляпунов алды. Қазақстан құрамасынан Даниил Цыбин үздік ойыншы атанды.

Белоруссия U20 – Қазақстан U20 – 6:4 (3:1, 1:1, 2:2)

0:1 - 06:09 - Цыбин (Никитин)

1:1 - 06:59 - Клавдиев (Михалев)

2:1 - 08:49 - Карпович (Ковгореня)

3:1 - 11:06 - Клавдиев (Гаврилов) ГБ

4:1 - 25:42 - Сотишвили (Игнатенко, Листопадов)

4:2 - 27:08 - Цыбин (Сапарбек, Морожников)

5:2 - 45:39 - Ковгореня (Липский, Звягин)

5:3 - 51:21 - Роев (Бреус, Нурлан)

6:3 - 55:06 - Ковгореня (Бориков)

6:4 - 56:14 - Ляпунов (Свинтальский)

Қақпашылар: Лущик - Осокин (Дубинскас, 11:06-60:00)

Турнирдегі қорытынды матчын Қазақстан құрамасы ертең 16 қараша күні ресейлік жасөспірімдерге қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады, тікелей көрсетілімді Insport телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ