Болашақтың кубогі. Қазақстан – Беларусь. Камбэк болмады
Болашақтың кубогіндегі қорытынды матчында Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнің барысында 0:3 есебімен есе жіберіп келе жатып, қатарынан үш шайба салып, екінші кезеңнің соңына қарай есеп теңестірді. Алдымен бірінші кезеңде капитан Роман Ермак көзге түсті, екінші кезеңде Асанәлі Русланұлы гол салды, ал араға 20 секунд салып Ермак дубль жасады. Алайда камбэк болмады – соңғы бес минутта қарсылас біздің қақпаға екі рет шайба өткізді – 3:5.
Кездесудің үздік ойыншысы Роман Ермак болып танылды.
Қазақстан U20 – Беларусь U20 3:5 (1:3, 3:3, 3:5)
0:1 - 01:52 - Вахильчук (Пономарцев, Шатило)
0:2 - 02:55 - Елисеев (Ковгореня, Жихарев)
0:3 - 16:46 - Никитич (Кузнецов, Ковгореня)
1:3 - 17:17 - Ермак (Свинтальский, Нурлан)
2:3 - 34:45 - Русланулы (Роев)
3:3 - 35:07 - Ермак (Бреус) ГБ
3:4 - 54:45 - Салыго (Никитич, Кузнецов)
3:5 - 56:29 - Пономарцев
Қақпашылар: Истомин - Соловьев
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ