logo
8 февраля 2024
Болашақтың кубогі-2024. 3х3 турнирінің үшінші орнын анықтайтын матчта жеңіліске ұшырадық
Болашақтың кубогіндегі 3х3 турнирінің үшінші орнын анықтайтын матчта Қазақстан 18 жасқа дейінгі Ресей командасымен кездесті. Құрам бірінші ойындағыдан ерекшеленді:
Қақпашы: Истомин (Какенов) 
Симонов (К) - Русланұлы - Оразов 
Әмірқанов - Корчагин - Шақшақбаев
Мигунов - Гросс - Лукавенко
Пиниди - Левковец - Большедворский

Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер екі шайба салып есеп бойынша алға шықты, алайда екінші кезеңде қарсылас есе қайтара алды, үшінші кезеңге командалар 3:3 есебімен шықты. Үшінші кезеңде ресейлік команданың жасөспірімдері тағы екі рет гол салып, 5:3 есебімен жеңді.

Қазақстан U20 - Ресей U18 - 3:5 (2:0, 1:3, 0:2) 
1:0 - 01:40 - Корчагин (Шақшақбаев)
2:0 - 05:13 - Шакшакбаев (Әмірқанов, Корчагин) 
2:1 - 12:07 - Сливченко
2:2 - 12:15 - Крутов
3:2 - 13:09 - Гросс (Мигунов)
3:3 - 13:53 - Таймазов ШБ
3:4 - 17:34 - Филимонов (Горбунов)
3:5 - 19:09 - Филимонов ШБ
Қақпашылар: Истомин - Подсуха

Ертең 9 ақпанда біздің жігіттер негізгі турнир матчын Ресей U18  командасына қарсы өткізеді. Матчты тікелей эфирде Insport  телеарнасы көрсетеді, Астана уақытымен 18:30-да басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ