Болашақ Кубогының қорытынды матчында Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің жасөспірім хоккейшілеріне қарсы ойнады. Кездесу есебін біздің құрама ашты. Шайба авторы - Владимир Корчагин. Осы кезеңде Семен Симонов сан басымдығын жүзеге асырып, есеп айырмасын ұлғайта түсті. Бірінші кезеңнің соңына қарай Ресей жасөспірімдер құрамасы гол соқты. Ал үшінші кезеңде айдын иелері таразы басын теңестіріп, артынша есепте алға шыға алды. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің U18 командасына жол берді.
Қазақстан U20 – Ресей U18 - 2:3 (2:1, 0:0, 0:2)