logo
11 мая 2024
ERG компаниясы – хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы бас демеушісі

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы – Қазақстан құрамасының 2024 жылғы әлем чемпионатындағы бас демеушісі.

11 мамыр күні біздің ұлттық құрама Чехиядағы әлем чемпионатындағы ойынын Франция командасына қарсы матчпен бастайды. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары турнирдің плей-оффына жолдама алу үшін Швеция, Латвия, Германия, Словакия, АҚШ және Польша командаларымен тартысқа түседі. Ойыншылар Прагада Ұлыбританияға қарсы жолдастық матч өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті, Никита Михайлис хет-трик жасады.

Матчтардың кестесі:
2024 жылдың 11 мамыры, 15:20 – Франция – Қазақстан
2024 жылдың 12 мамыры, 15:20 – Словакия – Қазақстан
2024 жылдың 14 мамыры, 19:20 – Қазақстан – Латвия
2024 жылдың 16 мамыры, 19:20 – Қазақстан – Швеция
2024 жылдың 17 мамыры, 19:20 – Германия – Қазақстан
2024 жылдың 19 мамыры, 19:20 – АҚШ – Қазақстан
2024 жылдың 20 мамыры, 23:20 – Қазақстан – Польша

Бір жыл бұрынғыдай Қазақстан құрамасына әлем чемионатында ERG компаниясы қолдау көрсетіп, сонымен қатар Қазақстанның 2023 жылы 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруіне демеушілік етті.

«Хоккейден ұлттық құрамаға қолдау көрсету арқылы біз спорттық қозғалысқа деген өз қолдауымызды білдіріп қана қоймай, барша қазақстандықтарды шабыттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Хоккейшілеріміз мұзайдында бізге жеңіс сыйлап қана қоймай, туған жеріміз үшін мақтану мен ел болып бірігуге себеп болсын», - деді «Евразиялық Топ» ЖШС бас директоры Серік Шахажанов.

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ