logo
31 декабря 2024
Қазақстан құрамасы ойыншыларының Швейцариямен матч алдындағы пікірлері

Жастар арасындағы әлем чемпионатының Словакияға қарсы жеңілгенімізге қарамастан, қанаттандырған матчынан (4:5 ОТ) кейін Қазақстан құрамасының ойыншылары өз пікірлерімен, сонымен қатар турнирдің қорытынды ойынынан не күтетінімен бөлісті.

Кирилл Ляпунов (2+0), шабуылшы:

- Бастысы – командалық ойын. Біз жігіттермен сөйлестік, бір-бірімізді қолдадық, орындықта ешқандай негатив болған жоқ, сол себепті нәтиже де күткендей болды. Әрине, жақсырақ ойнауымызға болатын еді, алайда бұйырмады. Бұлай жеңілу өкінішті. Овертаймда ойға қонымсыз қате жіберілді. Алайда ештеңе етпейді, бұл хоккей, бастысы салымыз суға кетпеуі керек, алда ойындарымыз бар, жеңеміз деп сенеміз. Бұл ойын бізге жағымды әсер сыйлады. Осы әсермен Швейцарияны жеңсек. Ал екі матчты ұмытып, алға басу керек. Ол – кешегінің еншісінде кетті, ештеңені өзгерте алмаймыз, нашар ойнадық, алайда бүгін барлығына қолымыздан келетінін дәлелдедік. Бастысы, салымызды суға кетірмей, соңына дейін команда болу.

Давлат Нуркенов (1+0), шабуылшы:

-  Жеңілгеніміз өкінішті, жеңіс сондай жақын болып еді, алайда еңсемізді түсірмей, келесі ойынға өзімізді қамшылауымыз керек, ертең шешуші матч. Шығамыз да, өзімізді көрсетеміз, жеңеміз. Біз мұндай деңгейде ойнай алатынымызды түсіндік және ертең мұзға шығып, жеңу керек. Қобалжуды басу керек, біз мұндай қарсыластарға қарсы ойнай алатынымызды дәлелдедік. Швейцарлықтар – жасқы команда, тіпті кешегі Швециямен ойында да олар жақсы ойнады, бес гол салды. Жақсыға үміттеніп, мұзға шығу керек.

Владимир Никитин, голкипер:

- Біздің мұнда жай келмегенімізді дәлелдейтін кез келді. Бапкер кеңесін айтты, ереже белгіледі, ойынға шықтық, екі кезеңді жақсы ойнадық. Осылайша есеп теңестіргеніміз барлығына ұнаған сияқты. Жігіттердің барлығында қуаныш болды, жеңілгеніміз өкінішті, алайда эмоционалды серпіліс болды. Мұндай ойындардан кейін келесі ойынға дейін қалыпқа келу оңайырақ. Швейцариямен ойын алдында бұл үлкен импульс, мұндай деңгейде ойнай алатынымызға деген сенім. Словактар хоккейдің деңгейі бойынша шведтер мен чехтардан кем түспейді деп ойлаймын. Өз-өзімізге дәлелдедік, команда бірікті. Ертең де осылай болады, тек есеп бойынша алда жүреміз деп үміттенем. Ойыншылары жақсы, артық құрамдары да жақсы. Төселген команда, олардан барлығын күтуге болады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ