logo
Кирилл Савицкий: «Мүмкіндік болса, салуға тырысамыз»

Данияға қарсы матчтағы Қазақстан құрамасының шалғыз шайбасының авторы Кирилл Савицкий болды. Форвард Аркадий Шестаковтан пас алып, матчтың соңында аз құраммен гол салды. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында шабуылшы өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

- Матчтарды бұлай бастауға болмайды, бірден үш гол салынды. Салың суға кетеді. Мұны қалай түсіндірерімді білмеймін, бірінші ойын – барлығында қобалжу болды. Кей жерлерде бізге тапсырмадағыдай оңайлау ойнап, ойынға кіру үшін шайбаны тұтас денемізбен қағуымыз керек еді.

- Дания – Олимпиаданың ширек финалистері, осал команда емес. Несімен таңғалдырды?

- Мұнда осал командалар атымен жоқ, кез келгені беріспейді. Дания оның үстіне өте жылдам команда, пасты жақсы береді. Бір қимылмен-ақ кей жерлерде өтіп кетіп жатты. Жақсы соққылады, мықты қозғалды, жұдырық болып жұмыла біледі.

- Бірінші голды күттіңіздер, оны аз құраммен салдыңыздар. Мұның қалай болғанын айтып бере аласыз ба?

- Біз Аркаша екеуіміз шықтық, біз әрдайым егер шайбаны алсақ, өзара лақтырмаймыз, онымен қашуға тырысамыз. Болмай жатса, ауысатын адам іздейміз. Ал мүмкіндік болса, қашып кетіп, тіпті аз құраммен салуға тырысамыз. Салып көреміз, неге көрмеске.

- Ертеңге деген беталыс қандай?

- Қорытынды жасап, дайындаламыз. Ертең басқа команда болып шығып, үйде де, мында да бізді қолдап отырған жанкүйерлеріміздің алдында өзімізді ақтауымыз керек.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ