Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков «Барыспен» бір жылдық мерзімге біржақты келісім жасасты.
Өз мансабының көп бөлігін елордалық хоккей мектебінің тәрбиеленушісі «Барыс» жүйесінде өткізді. Әрі қарай форвард қазандық «Ак Барс», омбылық «Авангард» және хабаровскілік «Амур» үшін ойнады. Соңғысына Панюков өткен маусымның барысында ауысқан болатын. Қиыршығыстықтар құрамында Кирилл 36 матч өткізіп үлгеріп (олардың 5-еуі плей-оффта), өз есебіне 7 (3+4) балл жазды.
Тамыз айының екінші жартысын хоккейші Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өткізіп, Братиславадағы олимпиадалық біліктілік турнирінде өнер көрсетті. Ұлттық құрама үшін форвард төрт әлем чемпионатына қатысып, олимпиадалық біліктіліктің финалында ойнады. Жалпы саны 27 кездесу өткізіп, 7 (4+3) ұпай жинады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ