Кирилл Ляпунов: «Алтын» аламыз

ЖӘЧ-2024-тің (ІА) Жапониямен өткен матчының үздік ойыншысы жеңіс голын салған Кирилл Ляпунов болды. Ойыннан кейін шабуылшы ойынға қатысты пікір білдірді:
- Басын нашар бастадық, жүзеге аспаған сәттер көп болды. Ал былай, жақсы матч, жеңгенімізге қуаныштымыз, әрі қарай жылжимыз.
- Өзіңнің жеңіс әкелген голың туралы айтып берші.
- Тұтас бестік тырысты, шайбаны дайындап әкеп, маған тек салу қалды. Командаластарыма рақмет. Келесі матчта да тек жеңіс деп шығамыз, бір ғана қадам қалды, «алтын» аламыз. Мұндағы жанкүйерлердің қолдауы күш береді, алғыс айтамыз.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ