logo
7 марта 2024
ERG-мен өткен хоккей маусымы

Eurasian Resources Group (ERG) Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасына 2023 жылғы әлем чемпионатында қолдау көрсетті. Біздің хоккейшілер турнирдегі ең жас құрам ретінде өнер көрсетіп, Норвегияға, Словакияға және Словенияға қарсы ойындарда үш рет жеңіске жетті және турнир қорытындысы бойынша ИИХФ әлемдік рейтингісінде бір қатарға жоғарылады.


Мұнан басқа, Халықаралық хоккей федерациясының 2023 жылғы конгресінде біздің ел 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге алғаш рет өтінім берді. Өтінімге ERG компаниясы демеушілік етті.


Өткен жылдың желтоқсанында Бірінші арна кубогінің алдында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік алаңдарына барды, онда бүгінгі таңда негізгі өндірістің ауқымды реконструкциясы жүріп жатыр. Хоккейшілер өнеркәсіптік турға қатысты.

ERG-дың шақыруымен, ойыншылар №5 «Олимп» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт аренасында ақтөбелік жас хоккейшілермен кездесті. Жұлдызды қонақтар балалармен жаттығу жасап, нағыз хоккей ойнады және сыйлық табыстады.


Қаңтар айының соңында Pro Hokei Ligasy рудныйлық 7-8 жастағы балаларға арнап шеберлік сыныбын өткізді. ERG-дың шақыртуымен жас хоккейшілермен «Горняк» ойыншылары кездесті. Кәсіпқойлар хоккейдегі жолын енді бастаған жеткіншектерге арқамен сырғанау, шайбаны меңгеру және басқа да базалық жаттығуларды көрсетті.

Ал ақпан айында павлодарлық хоккейдің тәрбиеленушілері – «Ertis» хоккей клубының ойыншылары Ақсу қаласының «Молния» клубының жас хоккейшілері үшін шеберлік сыныбын өткізді. Олар балаларға жаттығу өткізіп қана қоймай, әуесқойлар лигасының чемпиондары – ERG Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыскерлерімен жолдастық матч ойнады.


ERG елдегі хоккей қозғалысына ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, компания өз қалаларында хоккей корттарын, спорт кешендері мен бассейндерін салуға қаражат бөледі.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ