Алматылық «Айсұлу» хоккейшілері Еуропалық әйелдер хоккей лигасының (EWHL) биылғы маусымының алғашқы финалистері атанды. Қазақстандық команда жартылай финалдың екінші матчында «ЕВБ Иглзден» (Оңтүстік Тироль, Италия) 2:4 есебімен жеңілді, 3:0 есебімен аяқталған бірінші ойынның арқасында және екі кездесудің жиынтығы (5:4) бойынша турнир финалына шықты.
Чемпиондық атақ үшін алматылық клуб финалда «Сэйбрз» командасымен (Австрия, Сен-Пельтен) тартысады. Бірінші матч – 21 наурызда, ал екіншісі 23 наурыз өтеді. Болашақ қарсыластар жартылай финалда чемпионаттың турнир кестесінің көшбасшылары – словакиялық ПСРЗ-ды (Братислава) ығыстырды.
«Айсұлу» құрамында Қазақстан құрамасының 8 ойыншысы өнер көрсетеді, олар ақпан айында Харбиндегі Қысқы Азия ойындарының күміс медальдарын жеңіп алды. Олар қорғаушылар: Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова және шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева мен Лариса Свиридова.