Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер хоккейі ұйымдарының өкілдерімен алғаш рет кеңейтілген кеңес өтті

Қазақстан хоккей федерациясының ұйымдастыруымен Астанада балалар мен жасөспірімдер хоккей мектептерінің, бөлімшелерінің және жеке клубтарының өкілдері қатысқан жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа маусымға дайындық мәселелерін, өзекті түйткілдерді талқылап, балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Жарыстарды өткізу құрылымына, бапкерлер құрамын даярлау қажеттілігіне және өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстың негізгі міндеттері айқындалды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ