logo
31 января 2023
ҚХФ мен Қазақстанның пара хоккей федерациясы ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасты

Меморандумның мақсаты – адаптивті хоккейді нығайту және дамыту, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортпен айналысуға тарту. Ынтымақтастық аясында адаптивті хоккей саласындағы зерттеулер бойынша ақпарат пен құжаттама алмасу, спорттық делегациялармен және жұмыс сапарларымен алмасу, сондай-ақ халықаралық тақырыптық семинарлар, симпозиумдар мен көрмелер өткізу қарастырылған.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында пара хоккейден Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысып, С тобында «күміс» жеңіп алды.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ