logo
28 июля 2026
Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
2026 жылғы 28 шілде мен 1 тамыз аралығында Братиславада 18 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасында «U18 World Selects Invitational» халықаралық хоккей турнирі өтеді. Қазақстан құрамасы Венгрия, Италия, Чехия және АҚШ командаларымен кездеседі. Қазақстан қыздар құрамасы Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында сегіз күндік оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жиын бағдарламасына күніне екі мәрте мұздағы жаттығулар, сондай-ақ жалпы дене дайындығына арналған сабақтар кірді. Мария Федоренко жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчын ертең, 29 шілдеде Венгрия құрамасына қарсы өткізеді. Қазақстан U18 құрамасының ойын кестесі: 29 шілде 2026 жыл, 11:30 – Венгрия U18 – Қазақстан U18 29 шілде 2026 жыл, 17:00 – «Италия Селектс» – Қазақстан U18 30 шілде 2026 жыл, 16:45 – Қазақстан U18 – «Чехия Селектс» 30 шілде 2026 жыл, 21:15 – «Premier Ice Prospects» (АҚШ) – Қазақстан U18 31 шілде 2026 жыл, 15:00 – Қазақстан U18 – «Western Primer» (АҚШ) 31 шілде 2026 жыл, 19:45 – Қазақстан U18 – PRO Hockey 1 тамыз 2026 жыл – Плей-офф: 12:00 – 1-жартылай финал 14:45 – 2-жартылай финал 15:30 – 5-орын үшін матч 18:00 – Финал *Астана уақыты көрсетілген БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ