logo
Қазақстандық жасөспірім қыздар әлем чемпионатында екінші рет жеңіліске ұшырады

Екінші дивизиондағы жасөспірім қыздар әлем чемпионаты аясындағы өзінің екінші матчын Қазақстан құрамасы Нидерланд командасына қарсы өткізді. Қарсыластар біздің команда қақпасына алты жауапсыз шайба салып, екінші рет жеңіске жетті. Осылайша В тобында бірінші орын алды. Қазақстан құрамасының голкипері Кира Прицкердің ойынын атап өткен жөн, ол 40 соққыға тойтарыс берді. Құрамнан үздік ойыншы ретінде қорғаушы Полина Яковлева танылды.

Нидерланд – Қазақстан – 6:0 (3:0, 0:0, 3:0)

1:0 - 04:24 – Карст (Виссер)

2:0 - 07:52 – Виссер (Коллард)

3:0 - 10:20 – Ван Дер Мейден (Виссер)

4:0 - 44:25 – Виссер (Коллард) ГБ

5:0 - 52:02 – Коги (Илксой)

6:0 - 54:10 – Рубол (Ван Дер Тилларт, Ван Хутен) ГБ

Қақпашылар: Уилкес – Прицкер

Келесі матчты Қазақстан құрамасы С тобында үшінші орын иеленген Исландияға қарсы ойнайды. Кездесу 2 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де өтеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ