logo
Қазақстандық жасөспірім қыздар Мексикадан жеңілді

Қыздар арасындағы жасөспірімдер әлем чемпионаты аясындағы өзінің төртінші матчында Қазақстан құрамасы Мексикамен кездесті. Бірінші кезеңде біздің командадан София Раковская гол салды. Алайда әрі қарай қарсыластар екінші кезеңде екі, ал үшінші кезеңде тағы үш шайба салды. Қазақстан құрамасынан София Раковская үздік ойыншы атанды.

Мексика – Қазақстан 6:1 (1:1, 2:0, 3:0)

0:1 - 00:46 – Раковская (Жансейітқызы)

1:1 - 11:48 – Хеон (Уилсон)

2:1 - 13:21 – Уилсон (Лемаррой, Эрнандез) ГБ

3:1 - 28:25 – Эрнандез (Хеон, Уилсон)

4:1 - 32:54 – Хименез (Уилсон, Хеон) ГБ

5:1 - 45:25 – Лемаррой (Уилсон)

6:1 - 55:32 – Хеон ГБ

Қақпашылар: Кордеро – Прицкер (Агеева, 32:54-60:00)

Жетінші орын таласқа түсетін келесі матчты Қазақстан құрамасы 5 шілде күні тағы да Мексикаға қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 12:30-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ