logo
9 августа 2023
Қазақстан шайбалы хоккейден Азия жастар жаттығу лагеріне қатысты

Хоккейден Қазақстан командасының өкілдері Азия елдері үшін Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) ұйымдастырған арнайы жаттығу бағдарламасының қатысушылары болды. Жиын Тәшкентте (Өзбекстан) өтті.

Оқу-жаттығу лагеріне 16 жасқа дейінгі ойыншылар қатысты. Жиынға барлығы 27 ел қатысты олар: Қазақстан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Ауғанстан, Бахрейн, Қытай Тайбэйі, Гонконг, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Кувейт, Ливан, Макао, Малайзия, Моңғолия, Оман, Филиппин, Катар, Сингапур, Тайланд, Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам бар.

Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) Халықаралық шайбалы хоккей федерациясымен (IIHF) бірлесіп ұйымдастырған лагерь құрлықтың келесі жылы өтетін Ганвондағы қысқы жасөспірімдер олимпиадасына дайындығы аясында өтті.

"Біз қысқы спорт түрлері лагерін өткізуді ұйғардық, өйткені біз қысқы спорт түрлерін, атап айтқанда шайбалы хоккейді дамытқымыз келеді.

Біз аймақтағы Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына назар аудара отырып, қысқы спорт түрлерін насихаттағанын қалаймыз", - деді Тони Тарраф, АОК спортшыларды дамыту және арнайы жобалар бөлімінің басшысы.

Жалпы жиынға Қазақстан командасынан арбитр Тимур Ысқақов, жаттықтырушы Сергей Козлов ойыншылар София Зубкова және Альберт Тагнер қатысты. Олардың қатысуы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бастамасымен мүмкін болды.

Хоккей бағдарламасын Халықаралық федерацияның тоғыз нұсқаушысы басқарды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ