logo
24 марта 2022
Парахоккейден қазақстандық команда «Мы вместе. Спорт» ойындарында үшінші орын алды

17 және 20 наурыз аралығында Ханты-Мансийскіде параолимпиадашылардың «Мы вместе. Спорт» қысқы ойындары өтті. Парахоккейден жарыста қазақстандық «Тарлан» командасы шешуші кездесуде армениялық қарсыласты шаң қаптырып, үшінші орын алды. Бірінші орынды Ресей-1, ал екінші орынды Ресей-2 құрамалары алды. Shaiba.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық команданың бас бапкері Тимур Бикситов турнирден алған әсерімен бөлісті:

«Бұл біздің небәрі үшінші халықаралық турниріміз. Біз Орта Азияда жалғыз команда болғандықтан, ойнайтын ешкім жоқ, сол себепті біз қайда және қашан екеніне қарамастан, жарысуға дайынбыз. Кімге қарсы ойнайтынымыз маңызды емес. Өзімізді кәсіпқой дей алмасақ та, хоккейді сүйетін жігіттерміз. Біз отбасылық және тұрмыстық түйткілдерге көз жұма қараймыз. Жігіттер команда болып бірігіп, тек қарсылас пен мұзайдыны болса болды, барлық жарыстарға қатысуға дайын» - деді қазақстандық ұжымның тәлімгері.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ