logo
5 июня 2026
Қазақстан IIHF-нің жаңартылған рейтингінде 14-орында тұр
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2025–2026 маусымының қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Осылайша, Қазақстан құрамасы тізімде 14-орынға ие болды. Словения екі сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр, ал қола жүлдегер атанған норвегиялықтар бір орын жоғарылап, енді 11-орынға жайғасты. Франция екі саты төмен түсіп, біздің құрамадан бір саты төмен орналасқан. Рейтинг көшін Швейцария бастайды, екінші орында АҚШ, ал Канада үшінші орында тұр. 2026 жылғы әлем чемпионы Финляндия екі саты жоғары көтеріліп, қазір төртінші орынға шықты. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ