logo
9 ноября 2024
Қазақстан - Жапония. Азия Чемпионаты матчына аңдатпа

Азия чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Жапония командасымен ойнайды. Бұл қарсыласты ескі таныс деуге әбден болады. Қазақстан мен Жапония өзара 20 рет кездесті. Бұл кездесулердің статистикасы Қазақстанның үстемдігін көрсетеді – 14 жеңіс, 3 тең есеп және 3 жеңіліс. Шайбалар айырмашылығы - 87:50.

Кездесулер тарихы

Әлем чемпионаты матчтары аясында командалар аса жиі кездескен жоқ. Бір кездесу әлем біріншілігінің элиталық дивизионында, тағы үшеуі бірінші дивизионда өтті.

Бұл құрамалар тарихындағы алғашқы матчтар 1993 жылдың тамыз айында өтті. Бұл Қазақстан командасының оқу-жаттығу сапары болды. Қазақстандықтар үш ойында үш рет жеңіске жетті – 9:2, екі рет есеп 3:1 болды.

Келесі жылы командалар Өскеменде кездесті. Жапондықтар алғаш болып Қазақстанда халықаралық матч өткізді. Ол кезде туған елдің трибунасы қолдап, ұлттық құрамамыз Жапониямен матчтардағы ең ірі есепке қол жеткізді – 11:3.

1995 жылдың ақпанында Азия кубогінің матчтарына дайындық ретінде командалар өзара екі бақылау матчын өткізді. Олар қазақстандықтар үшін аса сәтті болмады – 4:4 және 2:9. Алайда Азия кубогінің шешуші матчында Қазақстан 3:2 есебімен басым түсті.

Араға бір жыл салып, Харбиндегі Азия ойындарында жапондықтарға сол кезде командаға жетекшілік еткен атақты Дэйв Кинг те көмектесе алмады. Дәл сол матчтың қорытынды есебі - 4:1.

1999 жылы Азия ойындары аясында есеп тең түсті - 1:1.

Төрт жылдан кейін Азия ойындарын Хачинох қабылдады. Сол кезде қазақстандық хоккейшілер күтпеген жерден қарсыласына 2:7 есебімен жол берді.

2004 жылы қарсыластар екі рет кездесті. Халықаралық турнирдегі бір кездесуде командалар тең түсті - 4:4. Ал дәл сол жылдың 1 мамырында Прагада қазақстандықтар 5:3 есебімен аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Бұл жетістік құрамаға әлем чемпионатының элиталық дивизионында орынды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Және бұл жеңіс құрамаға үлкен еңбекпен келді. Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан 1:2 есебімен жеңіліп келе жатқан. Алайда  Андрей Самохваловтың дублі, сондай-ақ Сергей Александровтың, Артём Аргоков пен Дмитрий Уппердің шайбалары хоккейшілерге маңызды жеңісті әкелді.

2007 жылы жапондықтар біздің құраманы 3:2 есебімен жеңіп кетті. Дәл сондай нәтиже Азия ойындарында да қайталанды.

Жеңіліс үшін қарымта 2009 жылдың сәуірінде қайтарылды: Литвадағы әлем чемпионатында қазақстандықтар 3:1 есебімен басым түсті.

Дәл сондай нәтиже 2010 жылдың ақпанында Жапониядағы Нагано Кубогіндегі ойында да тіркелді.

Қазақстандық жанкүйерлер ұмытпайтын тағы бір матч 2011 жылы өтті. Сол жылы Азиада алғаш рет елімізде өтті. Іші лық толған «Қазақстан» спорт сарайындағы бірінші орынды анықтайтын матчта маңызды жеңіске қол жетті - 4:1.

2013 жылдың 4 сәуірінде бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының алғашқы матчында қазақстандықтар жеңіске жетті - 5:2. Жапондықтар есеп бойынша алда келе жатқан, одан кейін есеп 2:1 болған кезде есе қайтарды, алайда дәл сол күні сәттілік қазақстандықтарға серік болды. Сол матчтағы дубльді Константин Романов жасады.

2015 жылы Қазақстан құрамасы үшін жеңіс әкелген бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында қазақстандықтарға қарсы тағы да күншығыс елінің командасы ойнады. Бұл қазақстандықтар үшін турнирдің үшінші матчы болатын және ол біздің сенімді жеңісімізбен аяқталды - 7:2.

2017 жылдың 26 ақпанында Азия ойындарында Жапония құрамасының қақпасына жеті жауапсыз шайба аттанды.

Қазақстанның жапондықтармен бұған дейінгі кездесуі 2019 жылдың 6 ақпанында өткен. Матч Оңтүстік Кореядағы халықаралық  турнир аясында өтті. Турнирді қазақстандықтар жеңіп, Жапониямен матч жеңіспен аяқталды – 5:2.

Қазіргі Жапония құрамасы

2023 жылы Жапония құрамасы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, В тобындағы бірінші дивизионды жеңді. Күншығыс елінің командасы бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, шайбалар айырмашылығы 29:10 болды.

Үстіміздегі күнтізбелік жыл да жапондықтар үшін табысты басталды. Литваны, Испания мен Венгрияны шетінен жеңген олар Олимпиада ойындарына үшінші біліктілік раундын еңсерді. Алайда әрі қарай сәтсіздікке ұшырады. Жапония алдымен әлем чемпионатының А тобының бірінші дивизионындағы орнын әрең сақтап қалды, одан кейін Олимпиадалық турнирде үш рет жеңіліске ұшырады. Норвегиядан, Дания мен Ұлыбританиядан жеңілді.

Азия чемпионатына Жапония құрамасын 52 жастағы канадалық маман Джаррод Скальде бастап келмекші.

Бұл ұжымның құрамы 100 пайызға Жапония және Оңтүстік Корея клубтары ойнайтын турнир – Азия хоккей лигасында ойнайтын хоккейшілерден құралған. Солтүстік Американың жаллғыз өкілі – 18 жастағы Казумо Сасаки.

Алдағы турнирге қатысатын жапондықтар құрамы осал емес, сондықтан күншығыс елі тарихи  оқиғада бір шулатады деп болжауға негіз жоқ емес.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ