logo
13 мая 2025
Қазақстан – Венгрия. 2025 жылғы әлем чемпионаты матчының аңдатпасы

Хоккейден әлем чемпионатының үшінші матчын Қазақстан құрамасы Венгрия командасына қарсы өткізеді. Қарсылас та турнирде екі матч өткізіп, қоржынында ұпайы жоқ. Венгрлер алдымен Германиядан 1:6 есебімен, кейін АҚШ-тан 0:6 есебімен жеңілді. Біздің құрама Норвегияны жеңіп (2:1), Германиядан жеңілді – 1:4. Матч алдындағы күні қос командада матч болмады, екеуі де демалыс күнінен кейін ойнайды.

Мамырдағы әлем чемпионатына дайындық аясында венгрлер Канада (0:6) мен Словенияға (2:4) қарсы матчтар өткізді, ал сәуірде Даниямен (4:2, 2:6), Норвегиямен (2:0, 5:3) және Австриямен (5:1, 4:2) екі матчтан ойнады.

Қос қарсыластың соңғы жекпе-жегі өткен жылдың тамыз айында Братиславада олимпиадаалды біліктілік аясында өтті. Ол кезде біздің хоккейшілер 5:2 есебімен жеңіске жетті, Никита Михайлис хет-трик жасады, Максим Мухаметов пен Дмитрий Бреус гол салды. Әлем чемпионатында командалар 2019 жылы Астанада ойнады, ол кезде матч 3:1 есебімен біздің пайдамызға шешілді. Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Венгрия халықаралық турнирлер аясында 8 матч өткізді және барлық ойындарда біздің хоккейшілер басым түсті.

Бір жыл бұрын 2023 жылғы элитадан ұшып кеткеннен кейін Венгрия командасы бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды және Словениямен бірге топ-дивизионға жолдама алды. Бұл венгрлер үшін өз тарихындағы элитаға үшінші шығу. Халықаралық хоккей федерациясының рейтингісінде қарсылас бүгінгі таңда 18-ші, ал Қазақстан 15-ші орында тұр.

Жақсы жаңалықтардан: Хернингке қорғаушы Дмитрий Бреус келді және бүгінгі ойынға қатысуы бек мүмкін.

Қарсыластың ойыншылары көбінесе Венгрияның ішкі біріншілігінде өнер көрсетеді, екеуі америкалық ECHL-де, тағы екеуі Финляндияда ойнайды және Швеция, Норвегия, Швейцария, Ұлыбритания, Румыния чемпионаттарында бір-бір хоккейшіден ойнайды.

Венгрияның ең жас ойыншысы – Доман Сонгот, оның жасы небәрі 16-да, ол Коуволадағы «КооКоо» фин жастар клубы сапында ойнайды. Бізден ең жас ойыншы бұрынғыша Дмитрий Бреус, ойыншы ақпан айында 21-ке толды.

Венгрияның фан-секторын атап өткен жөн, олар 2016 жылы Санкт-Петерборда топ-дивизиондағы өздерінің алғашқы әлем чемпионатында үлкен қолдау көрсетіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген болатын. Қазақстандықтар венгрлердің бірінші дивизиондағы әлем чемпионатындағы жанкүйерлігін өз көздерімен 2019 жылы көрді. Сол кезде Астанаға Венгриядан 500-ден астам жанкүйер келді. Жанкүйерлердің ерекшелігі, олар командаларына соңына дейін сенеді және жеңілістен кейін де қолдау білдіреді. Хернингте команда өз жанкүйерлерінің алдына шығып, жанкүйерлері чемпионат басындағы екі жеңіліске қарамастан, сенім мен қолдау білдіретіндерін жеткізді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ