logo
30 марта 2022
Халықаралық хоккей федерациясының жаңартылған рейтингісі ұсынылды
- Соңғы төрт жылдағы командалардың ойынына негізделген рейтингтің жаңа нұсқасында 2018 жылғы Олимпиада ойындарында алған ұпайлар Пекиндегі 2022 жылғы Олимпиада, сондай-ақ олимпиадалық біліктілік турнирлері нәтижелерімен алмастырылды", - делінген ИИХФ сайтында.
Осылайша, ерлер рейтингісінде олимпиада чемпионы атанған Финляндия құрамасы бірінші орынға көтерілді. Канада командасы екінші және Ресей командасы үшінші орын алды.
Қазақстан құрамасы 13-ші қатардан 15-ке түсті.
Әйелдер рейтингісінде бірінші орында Канада құрамасы, екінші орында АҚШ тұр. Финляндия үшінші орнын сақтап қалды.
Қазақстан қыздар құрамасы 21-ші орнында қалды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ