logo
​Қазақстан – Канада. Ойын күнінің аңдатпасы

Бүгін Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатындағы өзінің бесінші матчын Канадаға қарсы өткізеді.

Юрий Михайлистің ойыншылары үш жеңіс пен бір жеңілістен кейін 7 балмен В тобының төртінші қатарында келе жатыр. Турнир алдында команда жаттығу өткізіп, ойыншылардың бір бөлігі «Даугава» аренасының мұзды алаңында жаттықты. Қалған бөлігі «Рига» аренасында қалып, жаттығу залында дайындалды. Бүгінгі матчқа Иван Степаненко қатыспайды, қорғаушы бір ойыннан аластатылды. Канадалықтар турнир басында үш кездесуде қатарынан жеңіліп, Латвияға, АҚШ пен Германияға есе жіберді. 26 мамырдағы соңғы матчта Норвегияны жеңіп, алтыншы қатарда келе жатыр. Күн бұрын біздің хоккейшілер сияқты ойнаған жоқ. Канаданың әлі де плей-оффқа шығуға мүмкіндігі бар, сондықтан бүгін жойқын тартыс болады деп күтілуде.

Әлем чемпионаты аясында командалар соңғы рет 2012 жылы Хальсинкиде кездесіп, сол жолы жеңіс канадалықтарға бұйырған болатын.

Юрий Михайлис Канадамен матчқа дайындық жайында:

«Әрбір командамен шығар алдында біз чемпионат басында айтқандай қазақстандық жанкүйерлер, туыс-жақындарымыздың алдында ұялмайтын етіп шығамыз, өзімізді көрсетеміз. Ал ойында бұйырғаны болады. Алайда бір айтарым: команда үшін ұялмайсыздар, олар шайқасып, жақсы нәтиже көрсетеді», - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері.

«Статистикада біздің қанша соққанымызды емес, қанша соққыны тойтарғанымызды қарау керек, - деп санайды шабуылшы Артем Лихотников, — ең маңыздысы осы. Жігіттердің шайбаның жолында қалай төселетініне қараңыз. Біздің қанша лақтырғанымыз емес, қақпамызға қаншасы дарымағаны маңызды. Әрбір соққымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Канадаға да Финляндияға, Латвия мен АҚШ-қарсы шыққандай дайындаламыз. Және жеңу үшін шығамыз».

Қазақстан – Канада матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады. Бұл кездесу «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ